
Шу-Талас бассейндік су инспекциясының инспекторлары ҚР ҰҚП «Атамекен» Кәсіпкерлік палатасы үйлестіруімен облыстағы балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Су кодексінің талаптары жан-жақты түсіндіріліп, су ресурстарын тиімді пайдалану, заң талаптарын сақтау және экологиялық жауапкершілікті арттыру мәселелері талқыланды.
Мұндай іс-шаралар кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып, су ресурстарын ұтымды пайдалануға бағытталған.