Қостанай облысында Бассейндік кеңестің 18-ші отырысы өтті

Қостанай облысында Бассейндік кеңестің 18-ші отырысы өтті

Қостанай облысында Су ресурстарын интеграцияланған басқарудың бас жоспарын және су ресурстарын пайдалану мен қорғаудың бассейндік жоспарын әзірлеудің бірінші кезеңі аясында Бассейндік кеңестің 18-ші отырысы өтті.

Барлық тараптардың мүдделерін және қоршаған ортаны қорғау талаптарын ескере отырып, бассейннің су ресурстарын тұрақты және теңгерімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Бассейндік жоспарды әзірлеу алты кезеңді қарастырады, олардың әрқайсысын Бассейндік кеңес мүшелері қарап, тиісті ұсыныстар беретін болады.

Бассейндік кеңес мүшелері Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы өкілдерінің Тобыл-Торғай бассейн туралы мәліметтерді талдау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндамасын тыңдады.

Кеңес аясындағы бірлескен жұмыс өзекті мәселелерді қарастыруға, тәжірибе алмасуға және су ресурстарын сақтау мен ұтымды пайдалану бойынша тиімді шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді.