
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы С.С. Нұрымбетовтің жетекшілігімен Есіл бассейндік инспекциясының басшысы Т.Қ. Ибраев пен басшының орынбасары А.С. Серәлі су тасқыны жағдайына қатысты көшпелі тексеру жүргізді.
Жұмыс сапары барысында су нысандарындағы ағымдағы тасқын ахуалына бақылау жасалып, «Қазсушар» РМК Ақмола және Солтүстік Қазақстан филиалдарының су шаруашылығы құрылыстары тексерілді. Іс-шараға аталған филиалдардың басшылығымен қатар Төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың және мүдделі мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты. Тексеру жұмыстары Осакаров ауданы бойынша Есіл, Ақмола облысы бойынша Шағалалы және Сілеті, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сергеев су қоймаларын қамтыды.
Инспекция қорытындысы бойынша аталған нысандарда еріген қар суын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету және ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған тиісті шешімдер қабылданды.