
Тобыл-Торғай бассейндік су инспекциясы «Су үнемде — болашақты сақта!» жобасын жалғастыруда.
Жоба аясында Инспекция қызметкерлері «Варваринское» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді. Қатысушыларға су ресурстарын сақтаудың маңыздылығы, суды ұтымды пайдалану және әрбір адамның табиғи байлыққа деген жауапкершілігі туралы айтылды.
Кездесу барысында өндірісте де, күнделікті өмірде де суды үнемдеудің қарапайым және тиімді тәсілдері талқыланды.
Су ресурстарын сақтау — мемлекеттің, кәсіпорындардың және әрбір азаматтың ортақ міндеті.
«Әр тамшы — болашақтың кепілі!».