
Қызылорда қаласындағы білім бөлімінің «Ж.Нұрсейітов атындағы №233 орта мектебі» мен Арал-Сырдария бассейндік су инспекциясы арасында кәсіби бағдар беру бағытында өзара ынтымақтастық туралы келісімшарт жасалды.
Келісімнің мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, суды үнемді пайдалану, су ресурстарын қорғау және табиғатты аялау туралы түсінігін арттыру, сондай-ақ болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру.
Алдағы уақытта мамандармен кездесулер, танымдық іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушыларға суды үнемдеу, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады.
"Суды үнемде – болашақты сақта!"