
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында бірлескен оқу-жаттығу өтті.
Оқу-жаттығуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты өкілі, Балхаш-Алакөл бассейндік су инспекциясы басшысының орынбасары Ертаев Сабырхан Адилханович, сондай-ақ Алматы облысының Төтенше жағдайлар қызметі қатысты.
Іс-шара барысында Tasqyn ақпараттық жүйесіне талдау жүргізіліп, су тасқыны жағдайындағы жедел әрекет ету, күштер мен құралдардың үйлесімді жұмысы, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары пысықталды.
Мұндай оқу-жаттығулар ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алуға және дайындық деңгейін арттыруға бағытталған.