
Шу-Талас бассейндік су инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімімен бірлесе отырып, Жамбыл ауданындағы Аса өзенінің жағасында орналасқан жер қойнауын пайдаланушы кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Су кодексінің 50 және 86 баптарының, сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 318 қаулысының талаптары түсіндірілді.
Атап айтқанда, жерүсті су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптар, сондай-ақ су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруалышық және өзге де қызмет түрлерін уәкілетті органның су қорғау және пайдалану саласындағы тиісті келісімі болған жағдайда ғана жүзеге асыруға жол берілетіні түсіндірілді.