
Ертіс бассейндік су инспекциясының басшысы Абай облысы әкімінің орынбасарының төрағалығымен, Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының және «Қазгидромет» қызметі өкілдерінің қатысуымен су тасқыны қаупі бар аумақтарға әуеден тексеру жұмысына қатысты.
Тексеру барысында Шүлбі және Шар су қоймаларының жұмыс режимдері, сондай-ақ Семей қаласы маңындағы мұз жүру кезеңіндегі ықтимал тәуекелдер талқыланды.