Посмотреть эту публикацию в Instagram
Инспекция басшысының орынбасары Серәлі Айбек Сарсенұлы мен «Қазсушар» РМК Ақмола филиалы басшысының орынбасары Агжанова Айгерім Балтабайқызы Көкшетау және Щучинск қалаларында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан конституциялық реформа тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында саяси жүйені жетілдіруге, мемлекеттің құқықтық негіздерін нығайтуға, сондай-ақ азаматтық қоғамның мемлекеттік басқару үдерістеріндегі рөлін арттыруға бағытталған ұсынылып отырған өзгерістер жан-жақты қарастырылды.