Ертіс бассейндік су инспекциясының қызметкерлері арасында өзгерістер мен толықтыруларды жан-жақты түсіндіру жөніндегі кеңес

Ертіс бассейндік су инспекциясының қызметкерлері арасында өзгерістер мен толықтыруларды жан-жақты түсіндіру жөніндегі кеңес

2026 жылғы 10 ақпанда Ертіс бассейндік су инспекциясының қызметкерлері арасында жаңа Конституция жобасында көзделген өзгерістер мен толықтыруларды жан-жақты түсіндіру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекет деңгейінде жүзеге асырылып жатқан саяси-құқықтық реформалардың мәнін ашып көрсету бойынша жиналыс өтті.

Жиын барысында негізгі конституциялық өзгерістер, олардың құқықтық маңызы, ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарын іске асыру мәселелері қаралды. Су қорын қорғау, экологиялық мәселелер және мемлекеттік қолдау шаралары төңірегінде ашық пікір алмасу өтті. Қызметкерлердің барлық сауалдарына жауап беріліп, нақты түсіндірмелер ұсынылды.

Талқылау қорытындысы бойынша жаңа Конституция нормаларын практикалық қызметте бірізді әрі тиімді қолданудың маңыздылығы атап өтілді.