Специалист Арало–Сырдарьинской бассейновой водной инспекции провела лекцию В Кызылординском университете имени Коркыт Ата

Специалист Арало–Сырдарьинской бассейновой водной инспекции провела лекцию В Кызылординском университете имени Коркыт Ата

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Суресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Арал–Сырдария бассейндік су инспекциясының бас маманы Маденова Фариза Болатқызы «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша білім алып жүрген 3-ші курс студенттеріне мазмұнды дәріс өткізді.

Кездесу барысында Бассейндік су инспекциясының қызметі, су шаруашылығы саласындағы мекемелердің рөлі мен құрылымы туралы маңызды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, трансшекаралық су көздерін мемлекеттер арасында пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылып, Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған халықаралық нормативтік-құқықтық құжаттар мен келісімдер түсіндірілді.

Дәріс аясында Сырдария өзені бойында орналасқан су қоймаларының қызметі, оларды бірлесіп пайдалану және су ресурстарын тиімді басқару жөнінде айтылды. Аталған іс-шара студенттердің кәсіби білімін тереңдетіп, су ресурстары саласындағы өзекті мәселелерге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.