
Мемлекеттік есепке алу және кадастр мониторингі бөлімінің мамандары су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін әзірлеушілермен бірлесіп, Тобыл-Торғай бассейнінің су пайдаланушыларына СРҰАЖ (Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі) жұмысы бойынша Zoom-оқыту жүргізді.
Оқыту шеңберінде тіркеу және жүйеге кіру, ПУВ және 2-ТП (Су шаруашылығы) нысандары бойынша есептілікті ұсыну, сондай-ақ су шаруашылығы құрылыстарының паспортын толтыру мәселелері қаралды. СРҰАЖ-да жұмыс істеу кезінде туындаған су пайдаланушылардың мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.
Жүйені пайдалану ақпаратты жедел өңдеуді қамтамасыз етеді, қағаз Есептіліктің қайталануын болдырмайды, ашықтық пен бақылауды арттырады, сондай-ақ су ресурстары бойынша бірыңғай дерекқорды қалыптастыруға ықпал етеді.
Сонымен қатар жүйеде жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықтар сайтта орналастырылған: https://qazsu.gov.kz/#/instruction, әр су пайдаланушы бағдарламада жұмыс туралы ақпаратты таба алады.