Түркістан облысына жұмыс сапары

Түркістан облысына жұмыс сапары

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Г.С. Имашева іс сапармен Түркістан облысында болып, Шардара су қоймасы, Шардара ГЭС, Көксарай су реттегішінің жұмыс режимдеріне, Қызылқұм, Достық каналдарының суару маусымына дайындығы және қазіргі су шаруашылығы жағдайына мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында сала мамандарымен кездесіп, алдағы вегетация кезеңін ойдағыдай өткізу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты. Сонымен қатар, вегетация кезеңі басталғанға дейін, диқандар мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер арасында су тапшылығын алдын алу шараларын қабылдау, су алуды жоспарлау, алдағы уақытта барлық жұмыстар әзірленген күнтізбелік кестелерге сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету, ылғал көп қажет ететін дақылдарды азайту, суды тиімді, үнемді пайдалану жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тиісті сала мамандарына тапсырды.