
Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік су инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша басшысы Д. Еңсеген Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы колледж студенттермен кездесу өткізіп, Инспекцияның жұмысы туралы түсіндіру жүргізді.
Қазіргі таңдағы өлкедегі су мәселесі, атап айтқанда, Каспий теңізінің алаңдатарлық жағдайы, оны сақтаудың жолдары, жерасты суларының ұқыпты пайдаланылуы, құдық, бұлақ секілді су көздерінің тазартылуы, жалпы су объектілерінің ластанудан, бүлінуден қорғалуы сияқты мәселелер терең қозғалып, талқыланды.
Студенттер тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, қоршаған ортаға, суға, болашаққа деген көзқарастарының өзгеруіне түрткі болатындай себептер туды.