Балхаш-Алакольская бассейновая водная инспекция провела совещание для промышленных предприятий

Балхаш-Алакольская бассейновая водная инспекция провела совещание для промышленных предприятий
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Балқаш-Алакөл Бассейндік Су Инспекциясы (@balqashalakol.bi)

 

Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Балқаш–Алакөл бассейндік су инспекциясы өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін қайта және айналымды су пайдалану мәселелеріне арналған жиналыс өткізді.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының 2025 жылғы жаңа Су кодексінің негізгі талаптары түсіндірілді. Атап айтқанда:

  • су ресурстарын ұтымды пайдалану;
  • табиғи су көздерінен су алуды қысқарту;
  • сарқынды сулардың төгінділерін азайту;
  • өнеркәсіптік кәсіпорындарда айналымдық және қайта сумен жабдықтау жүйелерін енгізу;
  • өтпелі кезеңдер туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, Инспекция тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, су пайдаланушылардың сұрақтарына жауап берілді.