Көксарай су реттегіші мен Шардара су қоймасының қыс-көктем кезеңіне дайындығы

Көксарай су реттегіші мен Шардара су қоймасының қыс-көктем кезеңіне дайындығы

Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік су инспекциясы ағымдағы жылдың желтоқсан айының 18–20 күндері аралығында «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан филиалымен бірлесіп Көксарай су реттегіші мен Шардара су қоймасының алдағы қыс-көктем кезеңіне дайындығын пысықтау жұмыстарын жүргізді.

Аталған іс-шара барысында су нысандарының техникалық жағдайы, гидротехникалық құрылыстардың сенімділігі, су өткізу мүмкіндіктері және қауіпсіздік талаптарының сақталуы жан-жақты қаралды. Сондай-ақ, қыс мезгілінде және көктемгі су тасқыны кезеңінде су қоймаларын тиімді әрі қауіпсіз пайдалану мәселелері талқыланды.

Нәтижесімен су реттегіш пен су қоймасының қалыпты жұмыс істеуіне қажетті бірқатар ұйымдастырушылық және техникалық шаралар нақтыланып, жауапты мекемелерге тиісті ұсыныстар берілді.