Шу-Талас бассейндік су инспекциясының Қазақстан Республикасының Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасына қатысты түсіндіру жұмыстары

Шу-Талас бассейндік су инспекциясының Қазақстан Республикасының Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасына қатысты түсіндіру жұмыстары

ҚР Үкіметінің 28.08.2024 ж. №695 қаулысымен Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы және 2024–2026 жж. су үнемдеу жөніндегі Жол картасы бекітілді. Тұжырымдамаға сәйкес, 2030 жылға дейін суды қайта пайдалану үлесін 28%-ға жеткізу көзделген.

Суды қайта пайдалану:

  • су ресурстарын үнемдеуге;
  • қоршаған ортаның ластануын азайтуға;
  • өндірістік шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.

 Жаңа Су кодексінің талаптары бойынша айналымды және (немесе) қайталама сумен жабдықтау жүйелері жоқ өнеркәсіптік ұйымдар мен жылу өндіретін субъектілер:

  • Кодекс күшіне енген күннен бастап 2 жыл ішінде айналымды/қайталама сумен жабдықтауға көшу жоспарын ұсынуға;
  • жоспарды 5 жылдан аспайтын мерзімде іске асыруға міндетті.

 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мұндай көшу жоспары жерүсті су объектілерінен су алу үшін міндетті шарт болады.

Жол картасының 3.1.2-тармағына сәйкес, су пайдаланушылар кезеңдік көшу жоспарын әзірлеп, бассейндік инспекцияларға ұсынуы тиіс. Осы тақырып бойынша су пайдаланушылармен жиналыс өткізілді. Су ресурстарын ұтымды пайдалануға шақырамыз!