Арал-Сырдария бассейндік су инспекциясы су пайдаланушыларға арналған "Су үнемдеу технологиялары" тақырыбындағы оқыту семинарын өткізді

Арал-Сырдария бассейндік су инспекциясы су пайдаланушыларға арналған "Су үнемдеу технологиялары" тақырыбындағы оқыту семинарын өткізді
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Арал-Сырдария Бассейндік Су Инспекциясы (@asbi.minsu)

2025 жылдың 18 желтоқсан күні Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік су инспекциясы су пайдаланушыларға арналған Су үнемдеу технологиялары тақырыбындағы оқыту семинарын өткізді. Семинар Қызылорда қаласында, инспекцияның әкімшілік ғимаратында өтті. Семинар барысында келесі мәселелер түсіндірілді:

  • Жаңа Су кодексінің нормалары және заңнамалық өзгерістер;
  • Арнайы су пайдалануға рұқсат алу тәртібі;
  • Инспекция көрсететін мемлекеттік қызметтер;
  • Су үнемдеу технологиялары;
  • Суды қайта пайдалану мен айналымдық қолдануға көшу жоспарын әзірлеу тәртібі;
  • «2-ТП Сушар» бастапқы су есебін алдағы уақытта электронды түрде тапсыру;
  • Су ұңғымаларының паспортын Qazsu.gov.kz сандық платформасында тіркеу;

Су тарту және ағызу нысандарында орнатылған суды есепке алу аспаптарын міндетті пломбалау тәртібі, бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясы, сондай-ақ суды қайта пайдалану бойынша жоспар әзірлеу талаптары түсіндірілді. Жиын соңында қатысушылар мамандарға сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді