«Суды үнемде – болашақты сақта!» Арал-Сырдария бассейндік су инспекциясының мамандары суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру мақсатындағы жұмыстарды жалғастыруда

«Суды үнемде – болашақты сақта!» Арал-Сырдария бассейндік су инспекциясының мамандары суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру мақсатындағы жұмыстарды жалғастыруда

Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында инспекцияның бас маманы Алдаберген Исаев Арал ауданының Қосжар ауылдық округтің №67 мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырып, оларға мамандық таңдау және кәсіби бағдар беру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, тұрмыстық су пайдаланудың қарапайым ережелері түсіндірілді.

Кездесу барысында, мектеп басшылығы А. Исаевқа, ұйыдастырылған тәрбие сағатына қатысып, тәжірибесімен бөлісіп, су үнемдеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында, оқушыларға құнды ақпарат бергені үшін және олардың болашақ мамандығын таңдауына үлес қосқаны үшін алғысын білдірді.