
Ағымдағы жылдың вегетациялық кезеңі күрделі климаттық жағдайында өтті. Суару маусымы көктемде әдеттен тыс жоғары температураға байланысты орташа жылдық кезеңнен 20 күн бұрын басталды. Бұл туралы Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов хабарлады.
«Жалпы республика бойынша вегетациялық кезеңнің қорытындысы бойынша 1,2 млн га жер суарылды, су алу 11 млрд текше метрді құрады. Негізгі су тұтыну көлемі 5 оңтүстік өңірге тиесілі: Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары»,
- деді Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Қазіргі уақытта оңтүстік өңірдің су қоймалары жинақтау режимінде жұмыс істейді.
Автор: ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі».