Арал-Сырдария су бассейндік инспекциясының қызметкерлері су үнемдеу технологиялары бойынша оқыту семинарын өткізді

Арал-Сырдария су бассейндік инспекциясының қызметкерлері су үнемдеу технологиялары бойынша оқыту семинарын өткізді

2025 жылдың 20 қараша күні Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік су инспекциясы су пайдаланушыларға арналған Су үнемдеу технологиялары тақырыбындағы оқу-семинарын өткізді.
Семинар барысында төмендегі мәселелер бойынша түсіндірме берілді:

  • Жаңа Су кодексінің талаптары және заңнамалық өзгерістер
    Инспекция көрсететін мемлекеттік қызметтер
  • Су үнемдеу технологиялары
  • Суды қайта пайдалану және айналымдық қолдануға көшу жоспарын әзірлеу тәртібі
  • «2-ТП Сушар» тоқсандық бастапқы су есебін алдағы уақытта электронды түрде тапсыру
  • Су ұңғымаларының паспорттарын Qazsu.gov.kz сандық платформасында тіркеу

Инспекция барлық су пайдаланушыларға 2025 жылдың 1 желтоқсанына дейін:

  • Суды қайта пайдалану мен айналымдық қолдануға көшу жоспарын әзірлеуді,
  • Су ұңғымаларының паспорттарын Qazsu.gov.kz платформасында тіркеу керектігін ескертті.