
Астана су қоймасының ластануын және сарқылуын болдырмау жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған Жол картасының іс-шараларын орындау шеңберінде ағымдағы жылдың 23 қазанында барлық мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен бірлескен орынға шығу өткізілді.
Шығудың мақсаты су объектісінің және оған іргелес аумақтың нақты жай-күйін бағалау, сондай-ақ жол картасында көзделген іс-шаралардың іске асырылу барысын бақылау болды.
"Ақмола облысындағы Астана су қоймасының түптік шөгінділерінен тазарту" жобасы әзірленді, оның шеңберінде түптік шөгінділерді тазарту бойынша жұмыс түрлері айқындалды, сондай-ақ қоршаған ортаны сауықтыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар дайындалды. Іс-шаралар табиғи ресурстардың тозуын және сарқылуын болдырмауға, экологиялық жүйелердің сақталуын қамтамасыз етуге және жоспарланған қызметті жүзеге асыру ауданында тұратын халық үшін қауіпсіз өмір сүру жағдайларын жасауға бағытталған. Тазалау жұмыстарының ұзақтығы-13 жыл.
Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап су қоймасының түбінен тұнба шөгінділерін жою жұмыстары басталды. Жұмыстың негізгі мақсаттары:
Аталған іс-шаралар елорданың су ресурстарын қорғаудың кешенді тәсілі шеңберінде іске асырылады және ұзақ мерзімді перспективада Астананы тұрақты сумен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазіргі уақытта Астана су қоймасының түбін тазарту жұмыстары аяқталды, жер снарядтары қысқы консервация режиміне ауыстырылды.
Су қоймасының оң жағалау бөлігі 4 759 текше метр түбіндегі шөгінділерден тазартылған, оның 369 текше метрі қамыс, қалған көлемі — құм және тұнба қоспасы. Қазіргі уақытта маркшейдерлік қызметтер су қоймасының сол жағалауынан алынған шөгінділердің көлемін нақтылап есептеуді жүргізуде.
"Қазгидромет" РМК 2025 жылдың 9 айында жүргізген мониторинг нәтижелері бойынша Астана су қоймасы суының сапасы 1-сыныпқа жатқызылды (өте жақсы сапа). Осы сыныптағы суды суды пайдаланудың барлық санаттары үшін пайдалануға болады.
Астана су қоймасының ластануы мен сарқылуын болдырмау жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған Жол картасында көзделген іс-шаралар жалғастырылатын болады. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі олардың орындалуына және уақтылы іске асырылуына тұрақты бақылауды қамтамасыз ететін болады.