Іс-шара барысында су ресурстарын басқару саласындағы жетістіктер мен өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Қатысушылар су саясатын жетілдіру, жаңа Су кодексінің нормаларын енгізу, сондай-ақ өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Отырыстың жұмысына мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, ғылыми қауымдастықтың, қоғамдық ұйымдар мен халықаралық серіктестердің өкілдері қатысты.
Шараға сонымен қатар Өзбекстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Тәжікстан Республикасынан келген бассейіндік ұйымдар мен кеңестердің өкілдері арнайы қатысып, өз елдерінің тәжірибесімен бөлісті.
🔹 «Бассейіндік кеңеске 20 жыл — су мен қоғам мүддесі жолындағы бірлескен еңбек, ынтымақ пен өзара түсіністіктің символы.»