Балқаш–Алакөл бассейндік кеңесінің 20 жылдығы аясындағы дөңгелек үстел және далалық іссапар

Балқаш–Алакөл бассейндік кеңесінің 20 жылдығы аясындағы дөңгелек үстел және далалық іссапар

В Алматы прошёл первый день юбилейных мероприятий, посвящённых Алматы қаласында Балқаш–Алакөл бассейндік кеңесінің 20 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралардың бірінші күні өтті.
Бағдарлама аясында дөңгелек үстел мен далалық іссапар ұйымдастырылып, Орталық Азия елдерінің бассейндік кеңестері арасында тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. 

Іс-шараның мақсаты – су ресурстарын тиімді және тұрақты басқару тетіктерін дамыту, сондай-ақ бассейндік кеңестердің су саласындағы рөлін арттыру. 

Кеңес жұмысына Өзбекстан, Қырғыз Республикасы және Тәжікстанның бассейндік кеңестері мен мемлекеттік органдардың, ғылыми және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Далалық іссапар барысында қатысушылар су шаруашылығы ұйымдарының қызметімен танысып, гидротехникалық нысандарды қауіпсіз пайдалану және су үнемдеу мәселелерін талқылады.

Бірінші күн тұрақты су пайдалану мен өңірлік әріптестікті нығайтуға бағытталған маңызды тәжірибе алаңы болды.

Дереккөз: https://www.instagram.com/balqashalakol.bi/