Посмотреть эту публикацию в Instagram
Кездесуде қаралған негізгі мәселе жергілікті тұрғындардың малын суаруға қатысты болды.
Су халықтың игілігі болып табылады және қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес пайдаланылады. «ҚР ШҚ 113-бабының 2-тармағына сәйкес - «ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін жер үсті су объектілерін санитарлық қорғау аймағынан тыс жерде және су объектілерінің ластануы мен бітелуіне жол бермейтін суару алаңдары мен басқа да құрылғылар болған кезде пайдалануға жол беріледі.»» - заң нормасын инспекция басшысы А.С. Абжанов келтірді.
Яғни, жалпы су пайдалану тәртібімен жабдықталған суару алаңы болған жағдайда тұрғындар су объектісінде мал суаруға құқылы. Өз кезегінде, жалпы суды пайдаланудың үлгілік қағидаларына сәйкес – жергілікті атқарушы органдар суару алаңдарын жайластыру бойынша іс-шаралар өткізеді.
Басқаша айтқанда, су айдынында суару үшін тиісті инфрақұрылым болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар оны жайластыру жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Кездесу нәтижелері бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері белгіленіп, оларды іске асыру мақсаттары белгіленді.
Сондай ақ кездесу барысында Су кодексінің ережелеріне өз бетінше су пайдалануға жол бермеу және су қорғау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік бөлігінде түсініктемелер берілді.