Посмотреть эту публикацию в Instagram
Іс-шараға қоғам белсенділері, су пайдаланушылар және өңір тұрғындары қатысты. Кездесу барысында Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының қызметі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану бағытындағы міндеттер мен ағымдағы жобалар жайында жан-жақты ақпарат берілді.
Қатысушылар өзекті сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды. Қосымша қарауды талап ететін барлық өтініштер инспекция тарапынан бақылауға алынды.
Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы барлық қатысушыларға белсенділігі мен сындарлы диалог үшін алғысын білдіреді. Мұндай кездесулер жұмыстың ашықтығын арттыруға және қоғаммен тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді.