2025 жылғы 29 шілде күні Шу-Талас бассейндік инспекциясы, «Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалы және «Қазгидромет» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы мамандары Талас өзеніндегі Жасөркен гидробекетінде бірлескен өлшеу жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – вегетациялық кезеңде өзен арнасы арқылы келіп жатқан судың нақты көлемін анықтап, есепке алу. Мұндай жұмыстар су ресурстарын тиімді басқаруға, су пайдаланушылар арасында әділ бөлуге және вегетациялық кезеңдегі су тапшылығының алдын алуға мүмкіндік береді.