Алматы облысының Жамбыл және Іле аудандарындағы шаруа қожалықтарының өкілдерімен және ауылдық округ әкімдіктерімен түсіндіру жұмыстары

Алматы облысының Жамбыл және Іле аудандарындағы шаруа қожалықтарының өкілдерімен және ауылдық округ әкімдіктерімен түсіндіру жұмыстары

2025 жылғы маусым айынының аралығында Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің жұмыс тобы «Балқаш-Алакөл» бассейндік инспекциясы және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Алматы облысының Жамбыл және Іле аудандарына жұмыс сапарын жүзеге асырды.

Сапардың мақсаты – ағымдағы вегетациялық кезең аясындағы жағдайды зерделеу және фермерлер арасында су ресурстарын заңсыз пайдалану, көлеңкелі су айналымымен күрес, арнайы су пайдалану рұқсатын ресімдеу, су ресурстарын тұрақты және тиімді пайдалану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.

Ауылдық округ әкімдіктері мен шаруа қожалықтарының өкілдерімен өткізілген жұмыс кездесулерінде төмендегі мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді:

  • суды ұтымды пайдалану қажеттілігі;
  • ауыспалы егіс талаптарын сақтау;
  • суару және су айналымы кестелерін сақтау;
  • су жеткізуге шарттарды уақтылы жасасу.

Талқылау қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп су ресурстарын басқару тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар айқындалды, соның ішінде:

  • суды беру бойынша нақты және егжей-тегжейлі кестелерді жасау;
  • су бөлінісін жергілікті деңгейде бақылау тетіктерін ұйымдастыру.

Сонымен қатар, фермерлермен кері байланысты күшейту және су жеткізу мәселелерінде ашықтықты қамтамасыз ету бойынша шешімдер қабылданды, бұл шаруашылықтар мен уәкілетті органдар арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған.

Жұмыс тобы өңірдегі жағдайды бақылауды жалғастырып, шектеулі су ресурстары жағдайында тұрақты сумен қамтамасыз етуге қажетті қолдау көрсетуді жалғастыратын болады.