Ағымдағы жылдың маусым айының соңында Қазақстан Республикасы Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің жұмыс тобы Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясымен және «Қазсушар» РМК Жетісу филиалымен бірлесіп, Жетісу облысының Ескелді, Қаратал, Көксу және Ақсу аудандарына іссапар жасады.
Сапардың мақсаты – вегетациялық кезеңнің өту барысын бағалау және фермерлер арасында заңсыз су пайдалануға жол бермеу, көлеңкелі су айналымымен күресу, арнайы су пайдалану рұқсаттарын алу және су ресурстарын тиімді әрі ұтымды пайдалану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Іссапар барысында су шаруашылығы нысандары араланып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесулер өтті. Суару кестелерін сақтау, келісімшарттарды уақтылы рәсімдеу және рұқсатсыз су алудың алдын алу мәселелері талқыланды.
Мониторинг нәтижелері бойынша өңірдегі су ресурстарының деңгейі тұрақты екені анықталды. Сонымен қатар, су пайдаланушыларға маусым айының соңына дейін 1–2 суару циклін аяқтап, судың шығынын азайту жөнінде ұсыныстар берілді. Өзендердегі су деңгейінің ықтимал төмендеуіне дайын болу қажеттігі де атап өтілді.
Қабылданған шешімдер:
Жұмыс тобы вегетациялық кезең барысында өңірдегі тұрақты суармалы сумен қамту мәселесін бақылауда ұстап, қажетті қолдау көрсетуді жалғастырады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram