Шу-Талас бассейндік инспекциясының мамандары «Климаттық қауіп-қатерлерге бейімделу шаралары» тақырыбындағы семинарға қатысты. Іс-шараны Германияның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамы – GIZ ұйымдастырды.
Семинарда климаттың өзгеруі, су ресурстарын тиімді басқару тәсілдері және тұрақты даму саласындағы халықаралық тәжірибе кеңінен талқыланды.