Есіл бассейндік инспекциясының мемлекеттік бақылау бөлімінің функциялары туралы

Есіл бассейндік инспекциясының мемлекеттік бақылау бөлімінің функциялары туралы

Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Есіл бассейндік инспекциясының мемлекеттік бақылау бөлімінің негізгі міндеті – мемлекеттің су қорын қорғау және ұтымды пайдалану саласындағы саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Қызмет аумағына Астана қаласы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Қарағанды облысының бірқатар аудандары кіреді.

- Бөлім өз өкілеттіктері шеңберінде су заңнамасының талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.

- Жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануға қойылған лимиттерді, нормалар мен ережелерді сақтауын тексереді.

- Су есептеу құралдарын пломбылау, гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі туралы декларацияларды тіркеу және Есіл бассейні аумағындағы гидротехникалық құрылыстардың есебін жүргізу жұмыстарын атқарады.

- Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, әкімшілік істерді қарауға құқылы.

- Сонымен қатар, бөлім жергілікті атқарушы органдармен өзара жұмыс өткізеді және су ресурстарын қорғау бойынша халықты ақпараттандыру жұмысын жүргізеді.

- Гидротехникалық құрылыстардың, су тарту және су төгу құрылғыларының, су қоймаларының жағдайы мен пайдаланылуын бақылайды.

- Су тасқыны  және одан кейін бөгеттерді, гидротехникалық құрылыстарды (бұдан әрі - ГТҚ), су қоймаларын көзбен шолу актісін жасайды. Тексеру актісінде: көлемі (толық және пайдалы), пайдалануға берілген жылы, орташа және максималды биіктігі мен тереңдігі, максималды және орташа ені мен ұзындығы, меншік нысаны, меншік иесі, су шаруашылығы және техникалық паспорты, ГТҚ мәні, су пайдаланушы және ГТҚ жалпы жағдайы көрсетіледі. Көзбен шолып тексеру нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға, ГТҚ меншік иелеріне ұсыныстар беріледі. Көзбен шолып тексеру нәтижелері бойынша ЖАО ұсынымдарын ГТҚ меншік иесіне жібереді.

Бұл шаралардың барлығы су ресурстарын сақтау, мемлекеттік мүдделерді қорғау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрақты су пайдалануды қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады.