Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының бас мамандары халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізген болатын.
Түсіндірме жұмыстары барысында арнайы су пайдалануға рұқсат беру, су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыру, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу мәселелері бойынша түсіндіру жүргізілді.
Сонымен қатар арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың су алу немесе су ағызу құрылыстары мен құрылғыларында орнатылған суды есепке алу аспаптарын пломбалау тәртібі және жалпы Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының қызметі туралы ақпарат берілді.
Қазақстан Республикасының жаңа Су кодексіне енгізілген бірқатар өзгерістер мен толықтырулар бойынша да түсіндірме жасалып, су пайдаланушылардың сұрақтарына жауап берілді.