Жамбыл облысының аудандарына жұмыс сапары

Жамбыл облысының аудандарына жұмыс сапары

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы С.С. Нұрымбетов пен министр кеңесшісі Н. Ниязов Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында Шу, Қордай және Мойынқұм аудандарындағы вегетациялық кезеңнің өту барысы мен суару жұмыстарымен танысып, жергілікті шаруа қожалықтары мен «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы қызметкерлерімен кездесті.

Вегетациялық маусымды тұрақты және сапалы өткізу үшін нақты шешімдер қабылданып, тиісті нұсқаулықтар берілді.

Бұл шаралар ауыл шаруашылығындағы су қауіпсіздігін арттырып, шаруалардың тиімді жұмысына серпін бермек.