2025 жылғы 10 маусымда Есіл бассейндік инспекциясының қызметкерлері №5 және №7 Кіші Талдыкөл көлінің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған №5 және №7 Кіші Талдыкөл көлін биологиялық тазарту жөніндегі экологиялық акцияға қатысты. Іс-шара заманауи экологиялық қауіпсіз әдістерді қолдана отырып, су айдындарын биологиялық тазарту жобасы аясында өтті.
Акция барысында су айдындарына арнайы биопрепараттар – ТМ-шарлар (тиімді микроорганизмдер) және сұйық биологиялық препарат енгізілді. Бұл құралдар экожүйедегі табиғи тепе-теңдікті қалпына келтіруге ықпал етеді, органикалық ластаушы заттардың ыдырауын тездетеді және қоршаған ортаға зиян келтірместен судың сапасын жақсартады.
Мұндай іс-шаралар аймақтың су ресурстарын қорғау және қалпына келтіру үшін үлкен маңызға ие. Биологиялық тазарту әдістерін қолдану су объектілерін таза ұстау және биоәртүрлілікті сақтау үшін инновациялық және тұрақты шешім болып табылады.
Есіл бассейндік инспекциясы экологиялық ортаны жақсартуға және табиғатқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған табиғатты қорғау бастамаларына белсенді қатысуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ акция барысында Инспекция қызметкерлері тарапынан рұқсатсыз су алудың, қара су айналымының және Кіші Талдыкөл көлінің су ресурстарын тиісті рұқсат құжаттарынсыз пайдаланудың алдын алуға баса назар аударылған түсіндірме ұсыныстары берілді.
Бірлескен күш-жігермен біз болашақ ұрпақ үшін су айдындарымыздың тазалығы мен сұлулығын сақтай аламыз!