Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенттеріне түсіндіру жұмыстары

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенттеріне түсіндіру жұмыстары

Тобол-Торғай бассейндік инспекциясының мамандары Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенттері арасында үгіт-насихат іс-шарасын өткізді.

Су саласы-Қазіргі әлемдегі өте перспективті бағыт. Біздің елімізде ірі және дамыған қалалардағы 11 университет пен 8 колледжде талапкерлерге есік ашылады.

Мамандар оқуға түсудің жолдары туралы айтып берді: қандай бейіндік пәндерді тапсыру керек, қанша балл қажет және т.б.