Дөңгелек үстелдің қорытындылары бойынша баспасөз хабарламасы

Дөңгелек үстелдің қорытындылары бойынша баспасөз хабарламасы

Дөңгелек үстелдің қорытындылары бойынша баспасөз хабарламасы

2025 жылғы 13 мамырда Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы өзекті мәселелердің кең ауқымын талқылау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Аталған іс-шараға «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ және оның Қарағанды облысы аумағындағы ведомстволық бағынысты мекемелерінің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің ауқымды күн тәртібі шеңберінде «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының шоғырландырылған қаржылық есептілігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары қаралды, дебиторлық және кредиторлық берешекті, ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға, сондай-ақ қаржылық есептілікті дайындауға қатысты мәселелердің түрлі аспектілері талқыланды.

Есептілікті шоғырландыруға қатысты түсініктемелер берілді, бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдіру және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік заңнамасы нормаларының бұзылуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау бойынша ұсыныстар талқыланды.

Аталған тақырыптың маңыздылығын айта отырып, қатысушылардың назары бухгалтерлік есепті жүргізудің жалпы қабылданған барлық қағидаттарын сақтай отырып, қаржылық есептіліктегі деректердің шынайы ақпаратын қамтамасыз етуге аударылды. Әр ұйым қызметінің сәттілігі ең алдымен бухгалтерлік есепті жүргізу сауаттылығына байланысты.

Уақтылы дайындалған және сенімді қаржылық есептілік ақша ағындарын басқару қабілетін бағалауға, қызметтің тұрақтылығын сақтауға және оның қаржылық жай-күйін жақсартуға мүмкіндік береді.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша «сұрақ-жауап» форматында интерактивті қарым-қатынас жүргізілді, оның барысында күн тәртібіне қойылған мәселелер мен тақырыптар бойынша жан-жақты және сындарлы пікір алмасу болды.

Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мемлекеттік аудит объектілерінің өкілдері сөз сөйледі.

Қатысушылар дөңгелек үстел тақырыбына үлкен қызығушылық танытты. 

Қатысушылар талқыланған мәселелердің практикалық мәні мен маңыздылығын атап өтіп, заңнамадағы маңызды өзгерістерді сауатты талқылауға, өз ұсыныстарын білдіруге және қызықтыратын сұрақтарға жауаптар тыңдауға болатын кездесулердің тиімді жақтарын көрсете отырып, дөңгелек үстелді ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.