2025 жылғы 17 сәуірінде Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

2025 жылғы 17 сәуірінде Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Салықтық әкімшілендіру тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындысы бойынша баспасөз хабарламасы

 

 

2025 жылғы 17 сәуірінде Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста салықтық әкімшілендіру тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындысы шығарылды, оның шеңберінде облыстың мемлекеттік кірістер органдарының 2024 жылғы салықтық түсімдер жоспарларын қалыптастыру және орындау, берешекті төмендету және жергілікті бюджеттердің салықтық әлеуетін ұлғайту жөніндегі қызметі бағаланды.

Отырыс нәтижелері бойынша қаржылық бақылау шараларымен "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне анықталған бұзушылықтарды жою және бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау туралы 1 нұсқама жіберілді.

Аудит қорытындысы бойынша Қарағанды облысының мәслихатына лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық және өзге де актілерінің талаптарын бұзуы мен сақтамауының анықталған фактілері бойынша ұсыныстар жіберілді.