Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы 2025 жылғы 4 сәуірде сағат 11.00-де «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ, «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ өкілдерінің қатысуымен «Қарағанды облысында 2023-2024 жылдардағы жастар саясаты іс-шараларын іске асырудың тиімділігі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.
Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты Қарағанды облысында 2023-2024 жылдардағы жастар саясатын іске асыруға, оның ішінде «Жасыл Ел» жобасы бойынша іс-шараларды іске асыруға бағытталған мемлекеттің бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдаланудың өзекті мәселелерін талқылау болды.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасында көрініс тапқан және Қарағанды облысына тән бірқатар шешілмеген проблемалар атап өтілді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар облыстың жастар қозғалысының проблемаларын шешу жолдарын талқылай отырып, белсенді түрде сұрақтар қойды.