Баспасөз-релизі 2025 жылғы 20 наурызда Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Баспасөз-релизі  2025 жылғы 20 наурызда Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Баспасөз-релизі

2025 жылғы 20 наурызда Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Тексеру комиссиясының отырысында 2023-2024 жылдары Қарағанды облысында жастар саясатын іске асыруға, оның ішінде «Жасыл ел» жобасы бойынша іс-шараларды іске асыруға бағытталған мемлекеттің бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындысы шығарылды.

Мемлекеттік аудит қорытындылары, жастар ұйымдарының қызметін талдау және бағалау жастар саясаты саласындағы негізгі міндеттер: жастардың патриоттық сана-сезімін және азаматтық белсенділігін арттыру; жастарды облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді тарту; тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жолымен жастарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету; бүкіл қоғам мүддесінде жастардың шығармашылық әлеуетін ашу; жастардың әлеуметтік маңызы бар бастамаларын іске асыру іске асырылуда.

2023-2024 жылдары жастар саясатының барлық іс-шаралары қажетті қаржыландырумен қамтамасыз етілді, бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштері 90-100% -ға жетті.

Сонымен қатар, бөлінген бюджет қаражатының толық игерілуіне қарамастан, аудит жалпы сомасы 557 602,2 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасын бұзушылықтарды анықтады, оның ішінде:

- қаржылық бұзушылықтар - 11 672,7 мың теңге;

- бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану - 45 929,5 мың теңге.

        Сондай-ақ, 10 процедуралық бұзушылық.

        Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасының 10 382,3 мың теңгесі бюджетке өтелуге, 1 290,4 мың теңгесі қалпына келтірілуге жатады. Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін бюджетке 10 382,3 мың теңге (100%) өтелді, бухгалтерлік есеп бойынша 1 290,4 мың теңге (100%) қалпына келтірілді.

        Қаржылық бақылау шараларымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органға 2 бұзушылық фактісі бойынша мемлекеттік аудит материалдары жіберілді.

  Материалы по КГУ «Молодежный ресурсный центр Карагандинской области» направлены в правоохранительные органы.

        Қарағанды облыстық мәслихатына анықталған бұзушылықтар және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық және өзге де актілерінің талаптарын сақтамау фактілері бойынша ұсыныс жіберілді.