Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Тексеру комиссиясының төрағасы Дана Мұхамеджанова, Тексеру комиссиясының мүшесі Еркебулан Алгожин және аппарат басшысы Заур Мурсалимов ұжымның әйелдер қауымына арнап жақсылық, бақыт, махаббат, табыс және амандық тіледі.
Жұмыстағы ерекше жетістіктері, лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, қызмет нәтижелеріне қосқан үлесі және Тексеру комиссиясының имиджін арттырғаны үшін бірқатар қызметкерлер құрмет грамоталарымен марапатталды.
Салтанатты жиыннан кейін Тексеру комиссиясы аппаратының ұжымы мерекелік іс-шараға қатысты.