Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы 2025 жылғы 28 қаңтарда «Бюджет және өзге де заңнаманың кейбір мәселелері туралы» тақырыбында «Дөңгелек үстел» өткізді

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы 2025 жылғы 28 қаңтарда «Бюджет және өзге де заңнаманың кейбір мәселелері туралы» тақырыбында «Дөңгелек үстел» өткізді

Баспасөз хабарламасы

         Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы 2025 жылғы             28 қаңтарда «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ өкілдерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларының қатысуымен «Бюджет және өзге де заңнаманың кейбір мәселелері туралы» тақырыбында «Дөңгелек үстел» өткізді.

         Дөңгелек үстелдің мақсаты Қарағанды облысында мәдени саясатты дамытуға бағытталған бюджет қаражатын жоспарлау кезінде де, пайдалану кезінде де өзекті мәселелерді талқылау болды.

                Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін қолдану, оның ішінде тиімді жоспарлау, бюджет қаражатын жұмсау, даму жоспарлары мен нысаналы индикаторларды әзірлеу бойынша ұсынымдар туралы толық ақпарат берілді.

         Сондай-ақ бухгалтерлердің назары кәсіпорындар Жарғыларын және есеп саясатын жасаудың дұрыстығына және маңыздылығына аударылды.

         Дөңгелек үстелге қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын талқылады.