Баспасөз хабарламасы 2025 жылғы 17 қаңтарда Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясында келесі тақырып бойынша дөнгелек үстел өткізілді: «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлауға бағытталған бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары туралы»

Тексеру комиссиясында өткізілген «дөңгелек үстел» бойынша

баспасөз хабарламасы

         Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясымен 2025 жылғы 17 қаңтарда Қарағанды облысы білім басқармасы өкілдерінің, депутаттардың, кәсіпорын директорларының және бухгалтерлердің қатысуымен келесі тақырып бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді: «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлауға бағытталған бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары туралы».

         «Дөңгелек үстелді» өткізудің мақсаты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлауға бағытталған бюджет қаражатын жоспарлау кезінде де, пайдалану кезінде де өзекті мәселелерді талқылау болып табылады.

                «Дөңгелек үстел» барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне енгізілген, оның ішінде бюджет қаражатын жұмсауды тиімсіз жоспарлауға, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу кезінде заңнама талаптарын бұзуға қатысты өзгерістер туралы толық ақпарат ұсынылды.

         Сондай-ақ, бухгалтерлердің назары кәсіпорынның даму жоспары мен есеп саясатын құрудың дұрыстығы мен маңыздылығына, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтауға бағытталған.

         Іс-шараға қатысушылар нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістерді талқылай отырып, белсенді түрде сұрақтар қойды.