«Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ және оның ведомстволық бағынысты мекемелеріндегі шоғырландырылған қаржылық есептілігінің мемлекеттік аудит қорытындылары туралы баспасөз хабарламасы

2021 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясы «Қарағанды облысының Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ және оның ведомстволық бағынысты мекемелеріндегі шоғырландырылған қаржылық есептілігінің аудиті 3 тоқсанда жүргізілді.

Басқарма мен оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі мен қаржылық есептілікті жасауы ШҚЕ-тегі әкімшінің елеулі бұрмаланулар мен дәйексіз деректерге әкеп соқтыратынын шоғырландыру ережелері мен талаптарын бұза отыруымен жүзеге асырылатынын мемлекеттік аудит қорытындылары көрсетті.

Шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша пікірді (жекелеген баптар бойынша ескертпемен) қалыптастыру үшін жекелеген қаржылық есептіліктерге аудит жүргізу процесінде белгіленген шоттар сальдосының барлық қайшылықтары талданды («Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ және «Бірыңғай үйлестіру орталығы» КММ).

Аудит белгілеген қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 43 051,8 мың теңгені құрады. Яғни, оның 38 316,2 мың теңгесі есепке алу бойынша қалпына келтірілді (100%) және 2 314,3 мың теңгесі бюджет кірісіне өтелді.

ШҚЕ-нің мемлекеттік аудиті барысында рәсімдерді орындау тәртібінің 8 бұзушылығы және 1 кемшілігі анықталды.

Қаржылық бақылау шараларын қабылдау үшін Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп туралы заңнамасын бұзу бөлігіндегі әкімшілік жауапкершілікті қарау үшін 2 материал жолданды.

Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсыныстары бастамашылық етілді.