Қарағанды облысының жалпы білім беру мекемелеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың мемлекеттік аудиттін қорытындылары туралы баспасөз хабарламасы

Қарағанды облысының жалпы білім беру мекемелеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың мемлекеттік аудиттін қорытындылары туралы баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

2022 жылғы 20 қазанда Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Білім беру басқармасының облыстық өкілдері, Ішкі істер департаменті, маслихаты, Қарағанды қаласының білім бөлімі, Қарағанды және Балқаш қалаларындағы жалпы білім беретін мектептердің директорлары мен бухгалтерлері, Тексеру комиссиясы аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және телеарнасы қатысты.

Отырыс барысында Тексеру комиссиясының отырысында Қарағанды облысының жалпы білім беру мекемелеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың мемлекеттік аудит қорытындыларын шығарған тексеру комиссиясының төрағасы Абдыкаримов Аян және тексеру комиссиясының мүшесі Садықов Айдос,

Бүгіңгі күні облыстың білім беру мекемелерінде кездесетін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері және ЖБО-ға қосылған мектептердің саны туралы ақпараттандырған Полицияның жедел басқару орталығының өкілі Кужабаева Гүльнар Маратовна сөз сөйледі, сондай-ақ аудит объектілерінің және шақырылғандардың баяндамалары тыңдалды.

Осылайша, аудитпен жалпы сомасы 152 404,2 мың теңгеге бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде: қаржылық бұзушылықтары – 51 587,5 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлауы – 100 330,7 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануы – 486,0 мың теңге. Рәсімдерді орындау тәртібінің 38 бұзылушылығы және 4 кемшілігі анықталды.

Бюджетке бұзушылықтардың жалпы сомасы 1 282,6 мың теңге түсуі тиіс. Ал бюджетке 16 979,1 мың теңге өтелуге, 33 325,8 мың теңге есепке алу бойынша қалпына келтірілугетиіс.

Лауазымдық тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарастыру үшін Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 6 объектіде (24 факт) жол берілген бұзушылықтары бойынша аудит материалдары жолданды.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 бабымен қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықтары құрамының белгілерімен «Қарағанды қаласы № 65 Жалпы білім беретін мектебі» КММ бойынша 1 материалы құқық қорғау органына жіберілді.

Аудит объектілеріне және уәкілетті органға бюджеттік және өзге де заңнаманың, қаржылық тәртіпті арттырудың сақталуы бойынша ұсынымдары және бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқамалары жолданды.

Отырыс соңында қатысушылары мемлекеттік аудиттің өзекті мәселелері бойынша және аудит объектілерінің іс-әрекетінде анықталған бұзушылықтар бойынша оларды болашақта жібермеу мақсатында пікірлермен алмасты.