Нұра ауданының экономикасының, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік басқару салаларының дамуына жергілікті атқарушы органдар қызметінің әсерінің сараптамалық-талдау іс-шарасы және мемлекеттік аудитінің қорытындылары туралы баспасөз хабарламасы

Нұра ауданының экономикасының, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік басқару салаларының дамуына жергілікті атқарушы органдар қызметінің әсерінің сараптамалық-талдау іс-шарасы және мемлекеттік аудитінің қорытындылары туралы баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

2022 жылғы 21 шілдеде тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Тексеру комиссиясының отырысында Нұра ауданының экономикасының, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік басқару салаларының дамуына жергілікті атқарушы органдар қызметінің әсерінің сараптамалық-талдау іс-шарасы және мемлекеттік аудитінің қорытындысы шығарылды.

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу жалпы сомасы 876 972,3 мың теңгеге белгіленгенді, оның ішінде: бюджетке түсу кезінде – 1 360,4 мың теңге, қаржылық бұзушылықтар – 608 650,5 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау – 340,0 мың теңге, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану – 267 981,8 мың теңге, сондай-ақ, 134 рәсімдік бұзушылықтар және 1 кемшілік анықталды.

Бұзушылықтардың жалпы сомасынан бюджетке 10 887,0 мың теңге, бюджетке түсімге – 1 360,4 мың теңге, қалпына келтіруге – 596 403,1 мың теңге өтелуге жатады.

Аудиторлық іс-шара барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін іс жүзінде 6 392,9 мың теңге өтелді, 998,0 мың теңге бюджетке түсті, 596 403,1 мың теңге қалпына келтірілді.

Өтелуге қалған қалдықтар – 4 494,0 мың теңге және түсімге - 362,4 мың теңге.

Отырыстың нәтижесінде уәкілетті органдарға бюджеттік және өзге заңнаманы сақтау, қаржылық тәртіпті арттыру бойынша ұсынымдар берілді.