Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясында «Қарағанды қаласының 2021 жылға арналған бюджетін жоспарлаудың және атқарудың тиімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Қарағанды қаласының қоғамдық кеңесінің, «Атамекен», «Ақжол» партияларының, қалалық мәслихаттың, бірқатар жергілікті атқарушы органдардың және БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Айдос Садықов Қарағанды қаласының 2021 жылға арналған бюджетін жоспарлау және атқарудың тиімділігі туралы баяндама жасады, сондай-ақ, қаржылық бақылаудың, тексеру комиссиясының сараптамалық-талдау және аудиторлық қызметінің жекелеген мәселелері қаралды, Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану кезінде мемлекеттік мекемелердің жұмысында жиі кездесетін жүйелі бұзушылықтар талқыланды.

Соңында қатысушылар пікір алмасып, тексеру комиссиясының қоғаммен неғұрлым тиімді өзара іс-қимылы мақсатында Қарағанды қаласын абаттандыру бойынша жұмыстарды орындау бөлігінде бюджет қаражатын тиімді пайдаланудың қоғамдық мониторингі шеңберінде ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.