Облыстық бюджетті жоспарлау мен атқарудың, жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын пайдаланудың; Қарағанды облысының 2021 жылғы Даму жоспарын іске асырудың сараптамалық-талдау іс-шарасының және мемлекеттік аудитінің қорытындылары туралы баспасөз хабарламасы

Облыстық бюджетті жоспарлау мен атқарудың, жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын пайдаланудың; Қарағанды облысының 2021 жылғы Даму жоспарын іске асырудың сараптамалық-талдау іс-шарасының және мемлекеттік аудитінің қорытындылары туралы баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

2022 жылғы 28 сәуірде тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста облыстық бюджетті жоспарлау мен атқарудың, жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын пайдаланудың; Қарағанды облысының 2021 жылғы Даму жоспарын іске асырудың сараптамалық-талдау іс-шарасының және мемлекеттік аудитінің қорытындылары шығарылды.

Отырыста облыстың 2021-2025 жылдарға арналған Даму жоспарын қалыптастыру жөніндегі рәсімдердің ұзақтығы, сондай-ақ 2021 жыл ішінде іс жүзінде қолданыста болған Даму бағдарламасын орындаушылар қызметінің жеткіліксіз бағыттылығы оның көрсеткіштеріне қол жеткізуді және өңірдің үдемелі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз етпегені атап өтілді.

2021 жылға АДБ 26 нысаналы индикаторларының 6-на (23,1%) қол жеткізілмеді, бағдарламаның 8 бағытының 14 мақсатына қол жеткізу үшін 66 (25,4%) іс-шара орындалған жоқ.

Мердігерлердің шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамауы, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің олардың жұмысына қажетті бақылаудың болмауы, өткізілмеген немесе ұзақ конкурстық рәсімдер «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамыту, «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму, өңірлерді дамыту, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламаларының іс-шараларын іске асыру тиімділігін тиісті түрде қамтамасыз етпеді.

Облыстық бюджеттің негізгі параметрлері орындалды.

Бұл ретте әкімшілердің жоспарлауға: бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге, нәтижелер көрсеткіштерін бекітуге және олардың орындалуы туралы есептерді қалыптастыруға; бюджеттік өтінімдерді жасауға формальды тәсілдің теріс практикасы сақталады.

Әкімшілердің бюджеттік бағдарламаларды тиісінше басқармауы, олардың тарапынан мердігерлердің/өнім берушілердің шарттық міндеттемелерді орындауын жүйелі бақылаудың болмауы, бюджетті жоспарлау және атқару жөніндегі уәкілетті органмен, бағалы қағаздарды шығару жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру үшін орталық уәкілетті органдармен олардың тиісінше өзара іс-қимыл жасаспауы, инфрақұрылымдық жобалардың тізбесін айқындау және іске асыру бюджеттің атқарылуы барысында жүйесіз шешімдер қабылдауға, жобаларды іске асыруды келесі жылға ауыстыруға, алып тастауға және өңірдің үдемелі даму міндеттерін шешуде тежеуші факторларға себеп болды.

Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша тексеру комиссиясымен қызмет тиімділігін арттыруға және заңнаманы жетілдіруге бағытталған мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берді.