2021 жылға арналған қалалық бюджетті жоспарлау мен атқарудың, Қарағанды қаласының жекелеген мекемелері мен кәсіпорындары бойынша бюджет қаражаты мен активтерді пайдаланудың сараптамалық-талдау іс-шарасы және мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз хабарламасы

2021 жылға арналған қалалық бюджетті жоспарлау мен атқарудың, Қарағанды қаласының жекелеген мекемелері мен кәсіпорындары бойынша бюджет қаражаты мен активтерді пайдаланудың сараптамалық-талдау іс-шарасы және мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

 2022 жылғы 15 сәуірде тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Тексеру комиссиясының отырысында 2021 жылға арналған қалалық бюджетті жоспарлау мен атқарудың, Қарағанды қаласының жекелеген мекемелері мен кәсіпорындары бойынша бюджет қаражаты мен активтерді пайдаланудың сараптамалық-талдау іс-шарасы және мемлекеттік аудиттің қорытындысы шығарылды.

Жылдан жылға жүйелі түрде қайталанатын бұзушылықтардың болуы, бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану кезінде бюджеттік бағдарламалардың жекелеген әкімшілері тарапынан тиісті мониторинг пен бақылаудың, сондай-ақ бухгалтерлік есепті жүргізудің болмауы жалпы сомасы   811 633,7 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының бұзылуына әкеп соқты, оның ішінде:

- бюджетке түскен кезде 30 936,1 мың теңге;

- қаржылық бұзушылықтар 14 810,1 мың теңге;

- бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 750 369,6 мың теңге;

- бюджет қаражаты тиімсіз пайдалану 15 083,2 мың теңге;

- бюджеттің тікелей шығындары 434,7 мың теңге;

- 38 рәсімдік және 2 өзге де бұзушылықтар.

Қабылданған қаржылық бақылау шараларымен бюджетке 13 203,9 мың теңге өтелді, бюджетке 13 204,5 мың теңге түсімдер қамтамасыз етілді және бухгалтерлік жазбалар жүргізу жолымен 33,5 мың теңге қалпына келтірілді.

Бюджетке қайтарылуға және өтелуге жататын қалдық 19 304,4 мың теңге.

Бұдан басқа, жіберілген бұзушылықтардың 12 фактісі бойынша материалдар лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін, Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне – 3, Қазыбек би атындағы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы - 5, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті - 2, бекітілген заттай нормалардан асып түсуден көрінетін бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану бөлігінде бұзушылықтардың - 2 фактісі бойынша аудит объектілері басшыларының атына хабарлама жолданды.