Жергілікті атқарушы органдар қызметінің Жезқазған қ. экономикасының, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік басқару салаларының дамуына әсер ету тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз хабарламасы

Жергілікті атқарушы органдар қызметінің Жезқазған қ. экономикасының, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік басқару салаларының дамуына әсер ету тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

 

Жергілікті атқарушы органдар қызметінің Жезқазған қаласының экономикасының, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік басқару салаларының дамуына әсер ету тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы шығарылды, нәтижелері бойынша жалпы сомасы 447 439,3 мың теңгеге бюджеттік және өзге де заңнаманы бұзушылықтар, 130 рәсімдік бұзушылықтар, 9 өзге де бұзушылықтар анықталды. 

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін бюджетке 17 725,7 мың теңге өтелді, бұл өтеуге жататын 26 910,0 мың теңге сома көлемінің 65,9% - ын құрайды.

Қалпына келтіруге жататын бұзушылықтардың  19 466,3 мың теңгесінен 19 065,3 мың теңгесі немесе 97,9% қалпына келтірілді.

Аудиторлық іс-шараның қорытындылары жалпы қалаға тән кемшіліктердің бар екендігін, бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану кезінде, сондай-ақ бухгалтерлік есепті жүргізу кезінде жергілікті атқарушы орган, бюджеттік бағдарламалардың жекелеген әкімшілері тарапынан тиісті мониторинг пен бақылаудың жоқтығын көрсетеді, бұл қаржылық бақылау шараларын қабылдау қажеттігіне әкеп соқты, атап айтқанда: 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу және бухгалтерлік есеп туралы заңнамасын бұзу бойынша 15 материал Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, Жезқазған қаласының мемлекеттік кірістер басқармасына лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін жолданды.

Қаржылық бұзушылықтардың 1 фактісі бойынша іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді.

Қала әкіміне қала бюджеті қаражатын негізсіз және тиімсіз пайдалануға жол берілген фактілер үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне пәрменді шаралар қабылдау ұсынылды.