«Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-де және «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыруға бағытталған бюджет қаражатын пайдаланудың сараптамалық-талдау іс-шарасының және мемлекеттік аудитінің қорытындылары туралы баспасөз хабарламасы

«Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-де және «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыруға бағытталған бюджет қаражатын пайдаланудың сараптамалық-талдау іс-шарасының және мемлекеттік аудитінің қорытындылары туралы баспасөз хабарламасы

«Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-де және «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»АҚ-да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыруға бағытталған бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шарасының қорытындылары шығарылды және оның қорытындысы бойынша бюджеттік және өзге де заңнаманы бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 500 000,0 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар; активтерді тиімсіз пайдалану – 51 389,1 мың теңге, тиімсіз жоспарлау – 260 000,0 мың теңге, бюджет қаражатын (қарыздарды) тиімсіз пайдалану – 150 000,0 мың теңге. Рәсімдерді орындау тәртібін 3 бұзушылық, басқа да 2 бұзушылық, 4 кемшілік анықталды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу бөлігінде 2 материал лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасына Жарғыға және Департаменттің ережесіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыруға бағытталған міндеттерді (немесе функцияларды) енгізу бөлігінде толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын бұзған қызметкерлердің тәртіптік жауаптылығы туралы мәселені қарау ұсынылды.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысына Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын бұзған қызметкерлердің тәртіптік жауаптылығы туралы мәселені қарау тапсырылды.